Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шұғыл тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шұғыл тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шұғыл тапсырма берді
ашық дереккөзі
Қазақстан географиялық тұрғыдан ұтымды жерде орналасқан. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Көлік-транзит саласының жұмысын дұрыс ұйымдастыра алсақ, одан түсетін табыс ұлттық экономиканың маңызды салаларының үлесінен кем болмайтыны анық. Өкінішке қарай, халықаралық тасымалдаушылар, көбінесе, Қазақстанды айналып өтеді. Оның басты себебінің бірі – жол бойындағы жемқорлық», - деді Президент.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, шұғыл түрде осы салада тәртіп орнатуды тапсырды.