«Отбасы банк» жеңілдетілген ипотека дайындап жатыр

«Отбасы банк» жеңілдетілген ипотека дайындап жатыр

«Отбасы банк» жеңілдетілген ипотека дайындап жатыр
ашық дереккөзі
Биыл «Отбасы банк» АҚ даму әлеуеті төмен моноқалалар тұрғындары үшін жеңілдетілген ипотеканы іске қосады, деп жазды turkystan.kz. «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Айдар Әріпхановтың айтуынша, бастапқы төлем 10 пайызды құрап, ал пайыздық мөлшерлеме 5 пайыздан аспайды. Бұл ипотека 20 жылға дейін беріледі.
«Бағдарламаның негізгі параметрлерін мемлекеттік органдармен келісіп жатырмыз. Бұл мақсаттарға алдын ала есептеулер бойынша 2022-2025 жылдары жыл сайын 11 млрд теңге қажет. Біз бұл ипотеканы 2022 жылдың бірінші тоқсанында іске қосуды жоспарлап отырмыз», - деді Айдар Әріпханов.
Сондай-ақ ол былтыр қазақстандықтардың 1,235 трлн теңгенің 82,2 мың жеңілдетілген несиесін ресімдегенін атап өтті.