Қарағандыда көлік шана мінген екі баланы қағып кетті (ВИДЕО)

Қарағандыда көлік шана мінген екі баланы қағып кетті (ВИДЕО)

Қарағандыда көлік шана мінген екі баланы қағып кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
ВАЗ автокөлігін тізгіндеген 29 жастағы қарағандылық жаяу жүргіншілер өткелінде өтіп бара жатқан екі баланы соғып кетті, деп жазды turkystan.kz. Оқиға Тәттімбет көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, көлік қаққан кезде кішкентай бала шанада болған, ал үлкен қыз оны сүйреп келе жатқан. Зардап шеккендер соққыдан бірнеше метрге дейін ұшып кеткен. Болжам бойынша, зардап шеккендер - бір үйдің балалары. Оқиға орнынан түсірілген видео Avaria_krg Telegram каналында жарияланды.
«Оқиға салдарынан зардап шеккен 15 және 5 жастағы балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл дерек полицияға тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.