«Бұл матчта допинг жеңді»: әйгілі Надаль допинг қолданды деген күдікке ілінді

«Бұл матчта допинг жеңді»: әйгілі Надаль допинг қолданды деген күдікке ілінді

«Бұл матчта допинг жеңді»: әйгілі Надаль допинг қолданды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Мәскеулік «Спартактың» экс-президенті Андрей Червиченко Australian Open турнирінің финалында ресейлік Даниил Медведевті жеңген испан теннисшісі Рафаэль Надальды допинг қолданды деп айыптады, деп жазды turkystan.kz.
«Бұл матчта допинг жеңді. Менің ойымша, 35 жастағы адам бес сағаттық кездесуді дәл мұндай жоғары деңгейде өткізе алмайды. Ойынның алтыншы сағатында спортшының допты алғашқы сеттегіден де дәлірек ұруы мүмкін емес. Егер дәрігерлер Надальді ойыннан кейін тексеріп, қажетті сынамаларды алған жағдайда, көздері бақыраятын еді деп ойлаймын», - деді Андрей Червиченко «Кеңес спортына» берген сұхбатында.
Спорт функционері испандықтың соңғы жарты жылда кортта ойнамағанын, ал былтырғы желтоқсан айында коронавируспен ауырғанын еске салды. Сондай-ақ, Андрей Червиченко матчтың басында Рафаэль Надальдің ерекше көп терлегеніне назар аударды. Оның пікірінше, бұл теннисшінің денесінде сұйықтықты сақтай алмайтын көптеген түрлі препараттардың болғанын көрсетеді.
«Мол тершеңдік допинг қолданғанның бір белгісі. Себебі, 35 жастағы адам қандай мықты спортшы болса да, өзінен он жас кіші қарсыласынан жылдам жүгіре де, дәлірек ұра да алмайды. Бұл нонсенс. Жас ұлғайған сайын адамның концентрациясы төмендейді. Ал бұл кездесуде Надальда оның тек өсе түскенін байқаймыз», - деді ол.
Айта кетсек, жексенбі күні өткен Australian Open турнирінің финалында Рафаэль Надаль ресейлік Дмитрий Медведевті 2:6, 6:7 (5:7), 6:4, 6:4, 7:5 есебімен жеңген болатын. Сөйтіп, испандық спорттық мансабында Үлкен дулыға турнирін 21 рет жеңген алғашқы теннисші атанды.