233
Е.Ыдырысов: ЭКСПО 2017 нысандары уақытында тапсырылады
Е.Ыдырысов: ЭКСПО 2017 нысандары уақытында тапсырылады
Кеше орын алған төтенше жағдайға қарамастан ЭКСПО-2017 көрмесi нысандарының бәрi уақытында тапсырылады. Бұл туралы бүгiн журналистерге ҚР Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов айтты.
«Ешқандай үлкен мәселе жоқ. Бұл аралық конструкция, негiзгi ғимарат емес. Бұл жұмыс процесi. Кез келген құрылыста осындай жағдайлар болып тұрады. Шұғыл әрекет жасалды, қаза тапқандар жоқ. Құрылыс жүрiп жатыр, бәрi уақытында тапсырылады. ЭКСПО бойынша қойылған барлық мiндеттер уақытында орындалады. Кеше нақты түсiнiк берiлдi», - дедi Е. Ыдырысов.