Берік Уәли Президенттің неге орыс тілінде сұхбат бергенін түсіндірді

Берік Уәли Президенттің неге орыс тілінде сұхбат бергенін түсіндірді

Берік Уәли Президенттің неге орыс тілінде сұхбат бергенін түсіндірді
ашық дереккөзі
«Президент неге орыс тілінде сұхбат берді?» деген сауалға Берік Уәли жауап берді, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды.
«...Аталған сұхбат әлемдік аудиторияға арналған. Қазақстанда болып жатқан оқиғаларға әлемдік қоғамдастық қызығушылық тудырып отыр. Сондықтан тақырыптың өзектілігін ескере отырып, сұхбаттың мейлінше кең таралуын көздедік. Қаңтар айында шетелдік (Ресей, Еуропа, АҚШ) ірі бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысының атына сұхбат беру жөнінде көп өтініш түсті. Алайда Президенттің жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты біз тек «Хабар 24» телеарнасымен ғана шектелуді жөн көрдік. Отандық БАҚ-қа берілетін келесі көлемді сұхбат міндетті түрде қазақ тілінде болады», - деді ол.