Несиесін төлей алмағандарға арналған заң шығады (ВИДЕО)

Несиесін төлей алмағандарға арналған заң шығады (ВИДЕО)

Несиесін төлей алмағандарға арналған заң шығады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жаңа заң банкке несиесін төлей алмай, күнін әрең көріп жүрген азаматтарды жалғыз баспанасынан айырмауды көздейді, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Премьер-министр Әлихан Смайылов «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жобасын енгізуді ұсынды. Аталған құжат 4 ақпанға дейін дайындалуы мүмкін. Бұл Заң жобасында жеке азаматтардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері қарастырылған. Премьер-министр жобаны талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды талап етті.
«Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған. 18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған» деп жазылған ҚР Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы таратқан хабарламада.