Қазақстанда арқар саны соңғы екі жылда 584 басқа көбейді

Қазақстанда арқар саны соңғы екі жылда 584 басқа көбейді

Қазақстанда арқар саны соңғы екі жылда 584 басқа көбейді
ашық дереккөзі
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түріне жататын арқар Қазақстанда соңғы екі жылда 584 басқа көбейген, деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өздерінің әлеуметтік желілерінде жариялады.
«Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түріне жататын арқар Қазақстанда соңғы екі жылда 584 басқа көбейді. Мәселен, 2020 жылғы санақ бойынша,  18 279  тау қойы кездессе, 2021 жылы 18 863 арқар тіркелген», - делінген Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұл жануар ақпан-наурыз айларында төлдейді.  Биылғы қыстың жайлылығына байланысты арқар саны едәуір өседі деп күтілуде. Айта кетсек, арқар еліміздің таулы жерлері -  Жоңғар Алатауын, Тарбағатай, Алтайды, Сарыарқа, Қаратау, Қызылқұм шөлін мекендейді.