«Құр әңгіме ғана»: сенатор «Самұрық-Қазынаны» сынады

«Құр әңгіме ғана»: сенатор «Самұрық-Қазынаны» сынады

«Құр әңгіме ғана»: сенатор «Самұрық-Қазынаны» сынады
ашық дереккөзі
Сенатор Еділ Мамытбеков «Самұрық-Қазына» қоры туралы заңды қайта қарап, оны ел экономикасының дамуын тежеуші ретінде жою қажет деп санайды. Бұл туралы turkystan.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Сенатор өзінің депутаттық сауалында 600-ге жуық ұйымды қамтитын квазимемлекеттік секторды, әсіресе «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын түбегейлі реформалау жөніндегі Президент алға қойған міндеттерді іске асырудың маңызын атап өтті.
«Соңғы уақытта  «Самұрық-Қазына» қорына қатысты шағымдар аз емес. Бұған себептер де жеткілікті - Холдингтің құрамына көптеген қуатты институттар кіреді. Олардан қайтарымын күткенімізге көп болды. Ал ол жоқ! Құр әңгіме, түсініксіз жоспарлар, жобалар, бағдарламалар ғана бар. Қордың басты кемшілігі - оның көп миллиардтық мемлекеттік қаражатты бөлудегі және жұмсаудағы схемаларының көмескілігі мен шатасуы болып тұр», - деді сенатор.