Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елшімен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елшімен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев елшімен орыс тілінде сөйлесуден бас тартты
ашық дереккөзі
217

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездескенде орыс тілінде сөйлесуден бас тартты. Бұл туралы “Қазақ үні” басылымы хабарлады.

Әкім орыс тілінде сұхбаттасуды ұсынған елшіге, “Біз Қазақстандамыз ғой. Мысалы, мен Нидерланд еліне барар болсам, қасыма голланд тілінде сөйлейтін аудармашыны ертіп апарамын, сондықтан, қазір қазақ тілінде әңгімелесуге мүмкіндігіңіз болмаса, келесіде қазақша сөйлесуге келісейік”, – деді Нұрлан Ноғаев. Бұған дейін осындай әрекетті Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та жасаған болатын. Ол бірде орысша баяндама жасаған облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбековаға ескерту жасаса, енді бірде қытайлық аудармашының тек орыс тілін білгені үшін жалданғанына ашуланған болатын.

Серіктес жаңалықтары