Әскери қызметші әріптестеріне оқ атып, 5 адам көз жұмды

Әскери қызметші әріптестеріне оқ атып, 5 адам көз жұмды

Әскери қызметші әріптестеріне оқ атып, 5 адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Украинада Ұлттық ұланның 21 жастағы әскери қызметшісі күзетте тұрған әріптестеріне оқ атқан. Салдарынан 5 адам көз жұмса, тағы 5 адам жарақаттанды, деп жазды turkystan.kz Украина ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Днепрдегі Оңтүстік машина жасау зауыты аумағында болған. Кәсіпорынды күзетіп жүрген мерзімді қызметтегі сарбаз Артемий Рябчук белгісіз себептермен «Калашников» автоматынан әріптестеріне оқ жаудырады. Кейін ол оқиға орнынан қаруымен бірге қашып кетеді.
«Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Әскери бөлімде қызметтік тергеу басталды. Әскери бөлім қолбасшылығының өкілдері тергеуді жүргізуге атсалысады. Жарақаттанған әскерилерге  медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген Украина ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Солдат Одесса облысындағы Измаил қаласының тумасы. Орта техникалық білімі бар жігіт туған қаласында аграрлық-техникалық колледжін бітірген соң жеке кәсіпорындардың бірінде қоймашы болып жұмыс істеген. Әзірге 2001 жылғы Артемий Рябчуктың бұл қылмысқа баруына не түрткі болғаны белгісіз.