Бейжің Олимпиадасын қай телеарнадан көруге болады?

Бейжің Олимпиадасын қай телеарнадан көруге болады?

Бейжің Олимпиадасын қай телеарнадан көруге болады?
ашық дереккөзі
Ел тұрғындары 4 - 20 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көре алады, деп хабарлады turkystan.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап. Олимпиада ойындарының іріктеу жарыстары 2 ақпаннан басталады. Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасында 34 спортшы бар, олар 87 жолдама иеленген. Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.
«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында трансляцияларға Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Тимур Сүлейменов, Сергей Райлян, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Самат Қанағатов, Александр Олейник, Дидар Қадыров, Данила Малышев, Жігер Әзберген, Әсем Нұрланова, Лилиана Әлжанова, Индира Бектенова комментаторлық етеді.
XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.