Nur Otan партиясы съезінің күн тәртібі бекітілді

Nur Otan партиясы съезінің күн тәртібі бекітілді

Nur Otan партиясы съезінің күн тәртібі бекітілді
ашық дереккөзі
Бұл туралы партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-парақшасына жазды деп хабарлады, turkystan.kz.
 «Nur Otan» Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI Съезінің келесі күн тәртібі бекітілді: 1. Партия Төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы» деп жазды ол.
Еске сала кетсек, «Nur Otan» Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылғы 28 қаңтарда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавирус пен шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн форматта өтетін болды. Партияның кезектен тыс съезіне 399 делегат сайланған.