Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің күні белгіленді

Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің күні белгіленді

Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің күні белгіленді
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 KO) екінші орта салмақтағы төрт титул сарапқа салынатын жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп жазды turkystan.kz. ESPN платформасының инсайдері Майк Коппинджердің айтуынша, Альварес 2022 жылға бірнеше ұсыныс алған. Атап айтқанда, Эл Хэймон мен PBC франшизасы «Канеломен» бір жекпе-жекке келісімшартты ұзартты. Сол келісімге сәйкес мексикалық боксшы 7 мамыр күні WBC орта дивизионындағы әлем чемпионы Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) жұдырықтасады.
«Басқа екі нұсқа Эдди Херннен (Matchroom Boxing) түсті. Ұсынылған мәмілеге сәйкес, «Канело» жартылай ауыр салмақта титулы бар ресейлік Дмитрием Биволмен жекпе-жек өткізеді-мыс. Ал екінші кездесу – көптен күткен Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші айқас. Қыркүйек айында қос боксшы екінші орта салмақ лимитінде жұдырықтасуы мүмкін. GGG-мен кездесу «Канело» үшін қолда бар қаржылық жағынан ең тиімді ұсыныс екені анық», - дейді инсайдер.