Бурабай тұрғыны өзінің атынан несие рәсімдеген қызын сотқа берді

Бурабай тұрғыны өзінің атынан несие рәсімдеген қызын сотқа берді

Бурабай тұрғыны өзінің атынан несие рәсімдеген қызын сотқа берді
ашық дереккөзі
50276
Бурабай ауданының тұрғыны әкесінің атынан 1,4 миллион теңгеге несие рәсімдеген, деп хабарлады turkystan.kz. Ведомство мәліметінше, 24 қаңтарда Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскен.
«Ер адам банктердің бірінде оның атына несие рәсімделгенін, банкте берешектің жалпы сомасы 1,4 миллион теңге болғанын хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды. Ол өтініш берушінің 24 жастағы қызы болып шықты. Қыз жәбірленушіні екінші деңгейдегі банктердің бірінде жеке кабинет ашуға көндіріп, оның атына карта мен несие рәсімдеген. Қазір ҚР Қылмыстық кодексі 190-бабының 2-бөлігі («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - делінген ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары