8 вирусқа қарсы препарат «Омикронды» да емдей алады

8 вирусқа қарсы препарат «Омикронды» да емдей алады

8 вирусқа қарсы препарат «Омикронды» да емдей алады
ашық дереккөзі
Кент университеті мен Гете атындағы Франкфрут университетінің ғалымдары жүргізген зерттеулердің нәтижесінде коронавирустың басқа штамдарында қолданған 8 вирусқа қарсы препарат «Омикронды» емдеуде тиімділігін көрсетті, деп жазды turkystan.kz Cell Research басылымына сілтеме жасап. Ғалымдар клеткаларды зерттеу барысында «омикрон» штамының 8 вирусқа қарсы қолданылатын препараттарға және коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі-дәрмекке сезімтал екеніне көз жеткізген. Олар – EIDD-1931 (молнупиравирдің белсенді метаболиті), рибавирин, ремдесивир, фавиправир, PF-07321332 (нирматрелвир, паксловидтің белсенді ингредиенті), нафамостат, камостат және апротинин. Сондай-ақ ғалымдар «омикрон» штамын жұқтырған науқастардың дерттің ауыр түрлерімен азырақ ауыратын себебін де атады. Бұл штамм дененің барлық жасушаларында болатын интерферон деп аталатын реакцияның басылуына ерекше сезімтал болатындығына байланысты.