Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді (ВИДЕО)

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді (ВИДЕО)

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғыны  Айгүл Бисембаева 52 жасында ана атанды, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Оған перинаталдық орталықта 19 қаңтар күні ота жасалған. Бақытты ана тұңғышын құшағына алып, үйіне шықты. Сәбиге ата-анасы «Нұркелді» есімін беріпті. Нәрестенің әкесі  - 63 жаста. Ерлі-зайыптылар 2020 жылы отбасын құрған.  Сәбиді аңсаған жұп экстракорпоральды ұрықтандыру әдісіне жүгінген.
 «ЭКО арқылы ана бақытын сезіндім. Мен сияқты қиналып келген қыз-келіншектерге үміттерін үзбесін деймін. Қай әйел де бақытты болуға лайықты. Бақытты болсын, бәрі де. Қуаныштымын! Бәріне рахметімді айтқым келеді», - деді Атырау облысының тұрғыны Айгүл Бисембаева.