50471
«Аузында Алласы, бетінде сақалы...»: көпбалалы ана Балғынбек Имашқа алданып қалған (ВИДЕО)
«Аузында Алласы, бетінде сақалы...»: көпбалалы ана Балғынбек Имашқа алданып қалған (ВИДЕО)
Айтыскер ақын Балғынбек Имаштың қорына ақша салғандар «алданып қалдық» деп шағым айтуда. Басы дауға қалған айтыскердің қорының 1 орны 150 мың теңге тұрады, деп хабарлады turkystan.kz.
Мәселен, 6 баланың анасы айтыскердің қорына 325 мың теңге салып, алданып қалғанын айтты.
«2021-дің тамыз айында бұл кісі парақшасында мен осындай қор ашып жатырмын деді. Кооператив немесе қор, сондай бірдеңесі бар. Кезекке тұрыңдар, мұқтаж 300 адамға үй алып береміз осы қор арқылы дейді. Бұл не қор, не кооператив, өздері де дұрыс түсіндірмейді. Қаласаңыздар, кезекке тұрыңыздар, 1 кезек 150 мың теңге тұрады деді. Сол кезде алтыншы балама аяғым ауыр болып, жәрдемақы түскен кезде бірден соны салып тастадым. Квитанция, барлығы бар, 205-болып кезекке тұрдым. Ол кісінің аузында Алласы бар, бетінде сақалы бар, дұрыс адам болған соң осылай сеніп отырдым», - дейді келіншек.