Павлодар тұрғыны келінін үйден қуып, баласын тартып алған

Павлодар тұрғыны келінін үйден қуып, баласын тартып алған

Павлодар тұрғыны келінін үйден қуып, баласын тартып алған
ашық дереккөзі
50374
Екібастұзда ата-енесі келінін үйден қуып, баласын тартып алған. Олар мұндай қадамға екі жас ажырасқаннан кейін барған, деп хабарлады turkystan.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас әйел полицияға шағым түсірген. Ол 2 жас 8 айлық қызын қайтаруды сұрап, жылап келген. Айтуынша, келіншек үш айдан бері қызына жете алмай отырған. Қызды бұрынғы ата-енесі алып қалған. Күйеуі басқа отбасына кеткен соң, ата-енесі оны үйден қуып, баланы алып қалған. Ал құжатта қыздың әкесі атап көрсетілмеген. Полицейлердің көмегімен жас ана қызымен қауышты.
«Кішкентай қыздың көзінен қуанышты көру - әр полицей үшін үлкен марапат. Ал ана мен баланың көзінен қуаныш пен махаббатты көру – теңдессіз», - дейді полиция инспекторы Фатима Ахмечанова.

Серіктес жаңалықтары