Полицейлер митинг кезінде жараланғандарды жаппай тергеуге әкетіп жатыр (ВИДЕО)

Полицейлер митинг кезінде жараланғандарды жаппай тергеуге әкетіп жатыр (ВИДЕО)

Полицейлер митинг кезінде жараланғандарды жаппай тергеуге әкетіп жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде арнайы жасақ жараланған науқастарды ауруханадан алып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап. Азаттық радиосының редакциясына аты-жөнін атамауды сұраған азамат 9 қаңтарда полицейлердің адамдарды медициналық мекемеден алып шығып жатқаны түсірілген бейнежазба жіберген. Бейнежазбадан аурухананың алдында бірнеше полиция көлігінің тоқтап тұрғанын көруге болады. Арнайы жасақ формасын киген адамдар науқастарды бір-бірден алып шығады: біреу балдақпен жүреді, біреу жалаң аяқ, кейбірінің сырт киімдері жоқ.