«Аллаға шүкір, мешіттерге зардап келген жоқ. Осы тұста дін мамандары бұзақылыққа қарсымыз, дін де қарсы. Себебі, арандатушылық еш жақсылыққа алып келмейді. Ол туалы жамағатқа айтып та жатырмыз. Пайғамбарымыз «іріткі, ол - ұйықтап жататын нәрсе, оны оятқан адамға Алланың қарғысы болсын» деген. Сондай-ақ, хадистерде жазылғандай, «іріткі кезінде тұрған адамнан, отырған адам жақсы» делінген. Тұрақтылық, тыныштық - тәңірдің берген сыйы. Ал оны сақтау - өз қолымызда. Бізде мешіттер зардап шекті деген ешқандай мағлұмат жоқ», - деді Ерболат Жүсіпов.Бұдан бөлек, имам жаппай бассыздық кезінде діни сала мамандарының да зардап шекпегенін жеткізді.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде бірде-бір мешіт зардап шеккен жоқ

Жаппай тәртіпсіздік кезінде бірде-бір мешіт зардап шеккен жоқ
Қаңтардағы бүлік кезінде елімізде Алланың жердегі үйлері зақымданбады. Бұл туралы елордадағы «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов айтты, деп жазды turkystan.kz.