Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Агросекторға қолжетімді әрі ұзақмерзімді қаржыландыру көзі қажет. Бұл жөнінде бірнеше мәрте айттық.
Аграрлық кредиттік корпорация мен «ҚазАгроҚаржының» қолданыстағы инвестициялық құралдары өтінімдерді ұзақ қарайды әрі рәсімделу тәртібі қиын, сондай-ақ цифрландыру жағы жеткілікті деңгейде емес.
Сондықтан Үкімет «Бәйтерек» холдингімен және қаржы нарығын реттеуші органмен бірлесіп 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін ұсынғаны жөн», – деді Қ. Тоқаев.