322
Мемлекеттік қызметтің кадрлық резерві қысқаруы мүмкін
Мемлекеттік қызметтің кадрлық резерві қысқаруы мүмкін
Мемлекеттік қызметтің кадрлық резерві қысқартылуы мүмкін. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Конкурсқа қатысушылардың жартысынан астамы мерзімнің өтіп кетуіне байланысты шығарылады (екі жылдық мерзім). Бұл өз кезегінде белгілі бір сұрақтар мен наразылықты туындатады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесін зерттеудеміз және онда резервті қалыптастырмастан, тікелей жұмысқа кірісіп кететінін көріп отырмыз. Осы шаралар дәл сол сынақтармен өтеді. Тура біздегі секілді жағдайлар ескерілген, алайда 10 күннің барысында кадрлық резервті қалыптастырмай іске асырылады.
Сондықтан да осындай пайым бар және тиісті ұсыныспен шығатын боламыз»,-деді Қожамжаров. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет мәселесі бойынша заңнамалық түзетулерді талқылау барасында депутат Светлана Бычкова бос орын бар болғанның өзінде «А» корпусы лауазымына резервтен тағайындау алу өте қиын екенін атап өтті. Оның пайымынша, бұл лауазымдарға іс жүзінде бір мемлекеттік органнан екіншісіне ауысып жүрген сол баяғы бір адамдар тартылуда. Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.