Ауруханадан қашқан қылмыскер қайта қолға түсті

Ауруханадан қашқан қылмыскер қайта қолға түсті

Ауруханадан қашқан қылмыскер қайта қолға түсті
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысында кісі өлтірді деп айып тағылған күдікті ауруханадан қашып кеткен болатын. Қылмыскер бір күннен соң ұсталды, деп жазды turkystan.kz. Аталыш оқиға 23 қаңтар күні болған. Жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде емделіп жатқан А. жексенбі күні таңертең қамаудан қашып кетті. Бірден іздеу жүргізілді.
«Аталмыш факті бойынша облыстық Полиция департаменті сотқа дейінгі (ҚР ҚК-нің «Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу» бабы бойынша) тергеуді бастады. Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», - деп хабарлады облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі.
Тағы оқи отырыңыз: Ақтөбеде қамаудан аса қауіпті қылмыскер қашып кетті Ал бүгін облыстық ПД баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын растады.