Павлодарда кальян шегіп отырған қыздарға айыппұл салынды

Павлодарда кальян шегіп отырған қыздарға айыппұл салынды

Павлодарда кальян шегіп отырған қыздарға айыппұл салынды
ашық дереккөзі
50416
Өткен демалыс күндері Солтүстік полиция бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлері жұмыс режимін бұзған 5 мекемені анықтады, деп хабарлады turkystan.kz Рavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
«Бұл жерлерде келушілерге заңсыз кальян пайдалануды ұсынған. Мысалы, Академик Шөкин көшесіндегі барлардың бірінде қыздар өздерін полиция бақылап отырғанын сезбей, кальян шегіп отырған. Сондықтан кальян қоспасын қолданғаны үшін жастар ҚР ӘҚБтК 441-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ полиция бұл құқықбұзушылық үшін олардың әрқайсысына 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салды», - дейді Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.
Сонымен қатар, бар әкімшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 441-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Бұл 25-тен 60 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады. Еске сала кетсек, елімізде 2020 жылдың шілдесінен бастап дәмханаларда, мейрамханаларда, барларда, клубтарда және көшеде кальян шегуге толық тыйым салынған.

Серіктес жаңалықтары