Шымкентте пәтерден 27 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Шымкентте пәтерден 27 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Шымкентте пәтерден 27 жастағы әйелдің мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен денесінде пышақ жарақаты бар әйелдің мүрдесі табылды, деп жазды turkystan.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, 17 қаңтарда Абай аудандық полиция басқармасына 1 мамыр көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Жедел тергеу тобы марқұмның кім екенін анықтады. Жасы 27-де. Мәйітті тексерген кезде пышақ жарақаты анықталды.
«Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жедел іздестіру нәтижесінде, 18 және 19 жастағы Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды», – деді полицейлер.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.