Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен денесінде пышақ жарақаты бар әйелдің мүрдесі табылды, деп жазды turkystan.kz. Полиция департаментінің мәліметінше, 17 қаңтарда Абай аудандық полиция басқармасына 1 мамыр көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Жедел тергеу тобы марқұмның кім екенін анықтады. Жасы 27-де. Мәйітті тексерген кезде пышақ жарақаты анықталды.
«Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Жедел іздестіру нәтижесінде, 18 және 19 жастағы Түркістан облысының екі тұрғыны ұсталды», – деді полицейлер.Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.