Бүлік кезінде қаза тапқан қарапайым халықтың несиесі кешірілетін болды

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Тапсырмаға сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің несиесі есептен шығарылады. Сондай-ақ тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан қарапайым азаматтардың несиесі де кешіріледі. Қазір агенттік бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр», – деді Александр Терентьев.

Бұған дейін бірнеше банк елдегі бүлік кезінде көз жұмған әскерилер мен полицейлердің несиесін кешіретінін мәлімдеген еді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button