Ішімдікке сылқия тойған қызылордалық шенеуніктер бүлік шығарды (ВИДЕО)

Ішімдікке сылқия тойған қызылордалық шенеуніктер бүлік шығарды (ВИДЕО)

Ішімдікке сылқия тойған қызылордалық шенеуніктер бүлік шығарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50365
Қызылорда облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің білдей екі орынбасары мас күйінде дәмхананың мүлігін лақтырып, келген клиенттердің мазасын қашырды. Одан қалды, ақ жағалылардың бірі дәмхананың даяшысы мен әкімшісін балағаттаған, деп хабарлады turkystan.kz exk.kz-ке сілтеме жасап. Дәмхана әкімшісі мас орынбасардың бірі «қасыма отыр» деп келеке қылды деп шағымданады. Қос шенеуніктің бассыз әрекеттері бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты. Жазбада департамент орынбасарының сыра ыдысын дәмхана ішінде лақтырғаны анық көрінеді. Онымен тоқтамай, шенеунік пластмасса бөтелкені де қасындағы үстелге жіберіп ұрады. Сол әрекеті үшін бір орынбасарға ұсақ бұзақылық бабымен айыппұл салынған. Сондай-ақ дәмханада білгендерін жасаған мемлекеттік қызметкерлердің мәселесі тәртіптік кеңесте қаралды. Екі орынбасар да кінәларын мойындады. Сөйтсе де, оларды қызметінен босатпады. Департаменттің бір орынбасарына қызметіне сай емес деген ескерту, екіншісіне қатаң сөгіс берілді.

Серіктес жаңалықтары