Назарбаевтың қандай өкілеттіктері сақталатыны белгілі болды

Назарбаевтың қандай өкілеттіктері сақталатыны белгілі болды

Назарбаевтың қандай өкілеттіктері сақталатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
50306
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай өкілеттіктері сақталатыны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz. Сенат «Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ресми сайтында жариялады. Онда Елбасының қандай өкілеттіктері сақталатыны айтылған.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасына сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Парламенті палаталарының алдында, Үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу, сондай-ақ Қазақстан Конституциялық Кеңесінің құрамына кіру құқығы тиесілі», – делінген заң жобасында.

Серіктес жаңалықтары