50413
«Атып жатыр»: Құлыбаевтың баласы елдегі жағдай туралы айтты (ВИДЕО)
«Атып жатыр»: Құлыбаевтың баласы елдегі жағдай туралы айтты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде Талғат Құлыбаевтың ұлы Бексұлтанның елдегі соңғы жағдайларға қатысты айтқан видеосы пайда болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Журналист Михаил Казачковтың жазуынша, Ішкі істер министрлігі академиясының бұрынғы басшысы Талғат Құлыбаевтың ұлы Бексұлтан Әбу-Даби қаласынан сәлем жолдаған. Видеодан оның қолына сигара ұстап тұрып, ел тұрғындарына сөз арнағанын көруге болады.
«Сендерде қалай, атыс тоқтады ма? Ал бізде, Әбу-Дабиде атып жатыр», - дейді Бексұлтан.Бұл бейнежазбаға желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр.
«Сонда тұрсын, қайтып келмесін», «Ақымақ», «Міне, байлардың тәрбиесі осындай» дегендей сөздер жазған көпшілік.