Тоғжанов Pfizer-дің 1 млн дозасы сәуірде келетінін жеткізді

Тоғжанов Pfizer-дің 1 млн дозасы сәуірде келетінін жеткізді

Тоғжанов Pfizer-дің 1 млн дозасы сәуірде келетінін жеткізді
ашық дереккөзі
Сәуірде Pfizer-дің 1 миллион дозасы сатып алынады. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Еске сала кетсек, елімізде әзір Pfizer вакцинасы 12 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін аналар мен 60-тан асқан азаматтарға қолжетімді. Яғни, бұл санаттағы азаматтар ол вакцинамен тегін қамтылмақ. Ералы Тоғжановтың айтуынша, 4 миллион дозадан астам Pfizer екпесі сатып алынған. Енді 1 миллион дозасын сатып алу жоспарда тұр. Сондай-ақ ол Pfizer вакцинасын ақылы негізде алу мүмкін емес екенін жеткізді.
«Біз бүгін қосымша 60-тан асқан адамдарға Pfizer екпесін тегін алуына мүмкіндік бердік. Бұл санаттағылар халық санының 1 миллионнан астамын құрайды. Сондай-ақ бізде бұл вакцинадан басқа екпе түрлері қолжетімді екенін ұмытпау керек. Мәселен, Синофарм, QazVak екпелері бар», - деді вице-премьер.