Дәрігер стейк сүйегін жұтқан науқасқа отасыз көмек көрсетті

Дәрігер стейк сүйегін жұтқан науқасқа отасыз көмек көрсетті

Дәрігер стейк сүйегін жұтқан науқасқа отасыз көмек көрсетті
ашық дереккөзі
Алматыдағы №12 орталық ауруханасының дәрігері Жасұлан Елемес стейк жеймін деп сүйек жұтқан қала тұрғынына көмек көрсетті, деп жазды turkystan.kz. Мегаполис тұрғыны Әлия есімді келіншек тамағы жыбырлап, жөтел маза бермеген соң учаскелік емханаға барған. Ол жердегілер пневмония деген диагноз қойып, жөтелге қарсы бірнеше дәрі-дәрмек ішуге кеңес берген. Алайда, ішкен препараттардан еш көмек болмаған соң ол №12 орталық ауруханаға барады.
«Аурухананың функционалдық диагностика бөлімінің меңгерушісі Жасұлан Елемес менің жөтеліме күдікпен қарап, бірден аппаратпен тексеруге кірісті. Сәлден соң сүйек жұтып қойғанымды, тамағымда көлденең тұрып қалғандықтан тоқтаусыз жөтелтіп тұрғанын айтты», – дейді науқас.
Дәрігер болса, қиналып тұрған емделушіге наркоз беріп, бронхоскопия аппаратының көмегімен ұзындығы 1-2 сантиметр болатын сиыр сүйегін алып тастайды.