50327
Назарбаевтың өмір бойғы өкілеттіліктерін тоқтататын 3 заңға өзгеріс енгізілді
Назарбаевтың өмір бойғы өкілеттіліктерін тоқтататын 3 заңға өзгеріс енгізілді
Парламент Мәжілісі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесіндегі өмір бойғы өкілеттіліктерін тоқтату туралы өзгерістерді Сенатқа жіберді, деп хабарлады turkystan.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ретте Мәжіліс депутаты Қанат Нұров Facebook-тегі парақшасында 3 заңға өзгеріс енгізілгенін айтқан.
«ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы», «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» және ҚР «Қауіпсіздік кеңесі туралы» конституциялық заңдарға тиісті өзгеріс енгізді. Яғни, енді Ассамблея мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығы тұлғаға қарай емес, қызметіне қарай Президентке тиесілі болады. Тиісті өзгерістер Сенатқа жолданды» деп жазды Қанат Нұров.Депутаттың пайымынша, Қазақстан экономикадағы саяси монополияны түп-тамырымен жойып, пайдалы қазбалардың экспортына қатысты қаржы-валюталық ағындарға қатысты мәселені біржола шешуі керек.
«Экономика мен саясатты бір ізге салу керек. Егер біреу ұрлаған болса, оны сот анықтайды», - дейді ол.