Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлады turkystan.kz.
«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын. Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы лауазымынан босатылды», - делінген Жарлықта.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.