«Жәутеңдеп тұр»: жұбайын сағынған қария жұртты жылатты (ВИДЕО)

«Жәутеңдеп тұр»: жұбайын сағынған қария жұртты жылатты (ВИДЕО)

«Жәутеңдеп тұр»: жұбайын сағынған қария жұртты жылатты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілердің бірінде жұбайын жер қойнына тапсырған қарияның қорым басында тұрған видеосы жарияланды, деп жазды turkystan.kz. Кадрдан егде жастағы кісі жұбайының көктасына қарап, иіліп тұрғанын байқауға болады. Өмірлік серігімен үнсіз сырласқан қартты қыздарының бірі демеп, тамнан алыстай бастайды. Осы көріністі түсірген автор да марқұм әжейдің баласы немесе немересі секілді. Себебі, ол да кетерінде көктасты сипап, қоштасқандай кейіп танытады. Видеодан қарияға қарата айтылған үлкен қызының «Мамамды сағындыңыз ба?» деген сауалы анық естіледі. Бірақ жүзін мұң торлаған ақсақалдың қалай жауап бергені бізге белгісіз. Бір анығы, видео осыдан 2 жыл бұрын дүниеден өткен Қайнар Тұрсынханованың тамының жанында түсірілген. Қазір қыс мезгілі болғанына қарамастан, бейнежазбада жер бетіндегі шөптің жасыл екенін аңғарасыз. Соған қарағанда, бұл 2021 жылдың жаз айында немесе еліміздің ауа райы жылы аймақтарының бірінде түсірілген болуы мүмкін. Ал видеоны тамашалаған интернет қолданушылар түрлі пікір қалдыруда. Олар: «Жан атам-ай! Алла денсаулық берсін», «Апаның жаны жәннатта болсын», «Әрине, сағынады ғой», «Жәутеңдеп тұр» деген пікірлер қалдырды. Енді бірі қыздардың қорым басына орамал тақпай барғанын сынаса, кейбіреулер телефонмен видеоға түсірген адамды сынаған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Қазақ жерінде 🇰🇿 (@qazaq_jerinde)