Моңғолияда жер сілкінді

Моңғолияда жер сілкінді

Моңғолияда жер сілкінді
ашық дереккөзі

Моңғолияда күші 6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz CentralAsia (MNG) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Гов-Алтай облысы Алтай ауданы орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым жерде 10 км тереңдікте болған.

Ел астанасының Астрономия және геофизика институтының мәліметінше, жер сілкінісі 2022 жылдың 17 қаңтарында Ұлан-Батор уақыты бойынша 23:04-те болған.

Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.