Бүтін бір отбасы жылумен қамтамасыз етілді

Бүтін бір отбасы жылумен қамтамасыз етілді

Бүтін бір отбасы жылумен қамтамасыз етілді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде көшпелі қабылдау өтті. Бұл жолы көмек сұрап келгендердің бірі – жергілікті тұрғын Б.Багатованың мәселесі оң шешілді. Б.Багатова Жарты төбе ауылдық округіндегі Құрама ауылында тұрады. Азаматшаның айтуынша, И.Көшенұлы көшесі, 10-үй мекенжайындағы баспанасы газ құбырына қосылмаған. Балалары болса, жаурап жатыр. Ал газды өздігінен қосатын қаржылай мүмкіндігі жоқ. Басқа амалы қалмаған тұрғын партияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Мұқтаж азаматтың мәселесі «Nur Otan» партиясы «Жарты төбе» бастауыш партия ұйымында партия фракция мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов пен Т.Жұмабеков тарапынан жан-жақты қаралған болатын. Сөйтіп, партияның фракция мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қыс мезгілінде қиын жағдайға душар болған Б.Багатованың үйіне газ құбырларын жүргізіп берді. Түркістан облысы.