«ҚазТрансОйл» басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

«ҚазТрансОйл» басшысы міндетін атқарушы тағайындалды

«ҚазТрансОйл» басшысы міндетін атқарушы тағайындалды
ашық дереккөзі

Сәбит Арынов «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының міндетін атқарушы, басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының міндеттері уақытша «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары, басқарма мүшесі Арынов Сәбит Әбілдаұлына жүктелсін», - деп жазылған KASE таратқан хабарламада. Сонымен қатар, компанияның директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Бұрынғы бас директор Димаш Досанов өз бастамасымен оның құрамынан шығарылды. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесінің құрамына бес адам енді: Берлібаев Д.А., Оразбеков М.А., Фрейсин Адриан, Агостини Алвес Винисиус, Мартинес Лопес Альберто. Айта кетейік, Сәбит Арынов 2018 жылдан бері компания бас директорының орынбасары қызметін атқарып келген.