Тәртіпсіздік кезінде қыздарына оқ тиген отбасыға пәтер беріледі

Тәртіпсіздік кезінде қыздарына оқ тиген отбасыға пәтер беріледі

Тәртіпсіздік кезінде қыздарына оқ тиген отбасыға пәтер беріледі
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде көз жұмған 4 жасар баланың отбасында болып, көңіл айтты, деп жазды turkystan.kz. Қара жамылған көпбалалы отбасыға барған Алматы әкімі қыздың ата-анасын төзімділік пен шыдамдылыққа шақырып, ауруханада жатқан жасөспірімнің тез сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ, отбасыға материалдық көмек көрсетіліп, үш бөлмелі пәтер берілетінін атап айтты. Айта кетейік, қайғылы оқиға 7 қаңтарда шаһардың Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орын алды. Бүлікшілер тарапынан оқ атылған көлікте 4 және 15 жастағы қыздар болған. Егер кіші қыз оқиға орнында көз жұмса, оның әпкесі түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.