Теңгені тұрақтандыру мақсатына 240 миллион доллар жұмсалған

Теңгені тұрақтандыру мақсатына 240 миллион доллар жұмсалған

Теңгені тұрақтандыру мақсатына 240 миллион доллар жұмсалған
ашық дереккөзі
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңгені тұрақтандыру үшін 240 миллион доллар жұмсалғанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz kapital.kz-ке сілтеме жасап.
«Қаржылық тұрақтылық тәуекелдеріне және тұрақсыздандыратын ауытқуларға жол бермеу үшін Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді. 12-13 қаңтарда олардың көлемі 240 миллион долларды немесе сауда-саттықтың бүкіл көлемінің 50 пайызға жуығын құрады. Жыл басынан бастап 13 қаңтар аралығында шет ел валютасына сұраныстың артуы аясында теңге бағамы 433,67 теңгеге дейін 0,5 пайыз әлсіреді», - деді Әлия Молдабекова.
Сондай-ақ ол қазір валюта нарығындағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізді. Айтуынша, қаржы нарығының жұмысы толық қалпына келтірілген. Операциялар штаттық режимде жүргізіліп жатыр.