Елордада террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

Елордада террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды

Елордада террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі жарияланды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтандағы террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі 14 тәулікке созылады. Бұл туралы елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 09 тамыздағы №611 Жарлығының талаптарына сәйкес, елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб басшысының шешімімен Нұр-Сұлтан аумағында 2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап 14 тәулік мерзімге террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі белгіленді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті 14 өңірде террористік қауіптің «қызыл» деңгейі алып тасталғанын жариялаған болатын.