Назарбаева жаппай тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді

Назарбаева жаппай тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді

Назарбаева жаппай тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді
ашық дереккөзі
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева елдегі жаппай тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Елде болып жатқан жағдайды жүрегіммен сезініп жатырмын. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың қайғысы мен өкінішті жеткізуге сөз таппай отырмын. Қаза тапқандардың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Бұл қатаң сабақ барлығымыз үшін. Ел тарихындағы осындай соңғы оқиға болсын. Адамдардың бейбіт кезеңде қаза болып жатқаны дұрыс емес» деп жазды Әлия Назарбаева.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желідегі оқырмандарына жылы лебіздері үшін алғыс айтты.
«Қазіргі кезеңде әкемді моральдық жағынан қолдап жатқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Әкем елдің әр аймағындағы тұрғындардан көптеген хабарлама алып жатыр. Қазақстанға бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін», - деді сөз соңында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)