«LRT» жобасын пайдалану тәсілдерін елорда әкімдігі әзірлейді

«LRT» жобасын пайдалану тәсілдерін елорда әкімдігі әзірлейді

«LRT» жобасын пайдалану тәсілдерін елорда әкімдігі әзірлейді
ашық дереккөзі
Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов «LRT» жобасын пайдалану тәсілдерін әзірлеуді елорда әкімдігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктеді, деп жазды turkystan.kz.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, бәсекелес ортаға берілетін активтерді іріктеу тәсілдері анықталмаған. Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен, Қаржы, Әділет министрліктерімен және «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, биылғы 1 ақпанға дейін бәсекелес ортаға берілуге тиіс активтерді іріктеу тәсілдерін әзірлеп, тиісті қаулы жобасын Үкіметке енгізуді тапсырамын. Елорда әкімдігі Индустрия министрлігімен бірлесіп, «LRT» жобасын пайдалану тәсілдері бойынша нақты ұсыныстар енгізсін», - деді Премьер-министр.
Үкімет басшысы бюджетаралық қатынастардың қолданыстағы жүйесін қайта қарау бойынша бірқатар тапсырма берді.
«Орталық пен өңірлер арасындағы бюджетаралық қатынастар қағидаларын бәріне түсінікті болатындай етіп жасау қажет. Осыған байланысты, Ұлттық экономика министрлігі бюджет заңнамасына енгізілетін түзетулерді дайындап, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін жетілдіруі қажет», - деді ол.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұдан былай «Ауыл – ел бесігі», «Бизнестің жол картасы» сияқты салалық бағдарламалар Батыс және Оңтүстік өңірлерде белсенді іске асырылмақ.