COVID-19: елордада ахуал күрделі

COVID-19: елордада ахуал күрделі

COVID-19: елордада ахуал күрделі
ашық дереккөзі
Соңғы күндері еліміздегі эпидемиялық ахуал қайтадан нашарлай бастады. «Омикрон» штаммы анықталғалы бері індет жұқтырғандардың қатары күннен-күнге көбейіп жатыр, деп жазды turkystan.kz. Өткен тәулікте ел бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2 087 жағдайы тіркелді. Оның 70 пайызы елордаға тиесілі. Нақтырақ айтсақ, 9 қаңтарда астанада 1 442 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталса, одан кейін Шымкент қаласында 123 жағдай тіркелген. Қалған өңірлерде тіркелген жағдай 100-ге жетпейді. Бұл Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиялық ахуалдың тым күрделі болып тұрғанын көрсетеді. Эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша «қызыл аймақта» тек елорда тұр. Ал «сары аймақтағы» Алматы, Шымкент қалаларына енді Атырау облысы қосылды. Қалған өңірлер – «жасыл аймақта». Бүгінде елімізде 22 064 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 3 001 пациент стационарда, 19 063 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 186 адамның жағдайы ауыр, 57 пациенттің жағдайы өте ауыр, 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.