Нұр-Сұлтанда «Халық сақшысы» жасақтары құрылды

Нұр-Сұлтанда «Халық сақшысы» жасақтары құрылды

Нұр-Сұлтанда «Халық сақшысы» жасақтары құрылды
ашық дереккөзі
Елорда қаланың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамайтын тұрғындар қазіргідей қиын кезеңде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында құқық қорғау органдарына көмек көрсету үшін жиналды, деп жазды turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына  сілтеме жасап. Еріктілер арасында спортшылар, дәрігерлер, кәсіпкерлер, мұғалімдер және волонтерлер бар. Олардың бәрі тәртіп сақшыларымен бірге тәртіпсіздіктің және заңсыздықтың алдын алу үшін ерікті түрде ниет білдірді. Еріктілер арасында ниет білдіргендердің басым бөлігі – спортшылар. Рингте, татамиде Қазақстан намысын қорғап үйренген білекті жігіттер бүгін күш құрылымдарымен бірге мемлекеттік маңызы бар нысандарды, сол сияқты қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты кәсіпорындарды күзететін болады.
«Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін қанша уақыт қажет болса да барымызды салып көмектесетін боламыз. Арандатушылар, тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар, сол сияқты осындай қиын кезеңде өзгенің есебінен өз пайдасын табуға ұмтылатындар өздеріне күшті қарсылық барын білуі тиіс. Біз полицейлердің тасасында тығылып отырмаймыз», - деді аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Елдар Құдайбергенов.