Алматыда «Дикий Арман» ұсталды

Алматыда «Дикий Арман» ұсталды

Алматыда «Дикий Арман» ұсталды
ашық дереккөзі
Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыстық авторитет Арман Жұмакелдиевті қамауға алды, деп жазды turkystan.kz.
«Алматыда полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиев бастаған қылмыстық топтың 6 өкілі ұсталды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрлік өкілдерінің дерегінше, қылмыскерлер оларды ұстау кезінде қарсылық көрсетуге тырысқан.
«Полицияның табанды әрекеттерінің нәтижесінде қылмыскерлер ойлаған мақсатына жете алмады. Ұстау барысында күдіктілерден маркалары мен калибрі әртүрлі 4 жартылай автоматты тапанша және олардың оқ-дәрілері, суық қару мен брондалған автомобиль тәркіленді»,- деп нақтылады министрлік өкілдері.
Алматы