Алматыда ауруханаға түскен 190 адамның 137-сі – полиция қызметкері

Алматыда ауруханаға түскен 190 адамның 137-сі – полиция қызметкері

Алматыда ауруханаға түскен 190 адамның 137-сі – полиция қызметкері
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген. Оның 150-і жедел жәрдеммен жеткізілсе, ауруханаға қалған 40-ының өзі барған, деп хабарлады turkystan.kz.
«40 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 7-еуі реанимацияда, ішінде 4 полиция қызметкері бар», - делінген ресми ақпаратта.
Жалпы, зардап шеккендердің 137-сі – полиция қызметкері, 53-і – бейбіт тұрғын. Бұл ретте билік өкілдеріне қарсы күш қолдану, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау департаменті зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін хабарлаған болатын.