Кездесуде Ақтау қаласының бастамашыл тобымен келіссөздер барысында қабылданған шешімдер жарияланды, деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның әлеуметтік жауапкершілігі аясында Маңғыстау облысында сұйытылған газ құнын төмендету және литріне 50 теңге бағасын белгілеу туралы айтылды. Сондай-ақ алаңда болған адамдарды жауапкершілікке тартпауға кепілдік берілді. Одан бөлек, тараптар туындаған барлық мәселелерді сындарлы диалог аясында және қолданыстағы заңнама шеңберінде шешуге келісті.
Жүктелуде...