«Арандатушылардан сақ болғайсыздар!» - Дулат Исабеков

«Арандатушылардан сақ болғайсыздар!» - Дулат Исабеков

«Арандатушылардан сақ болғайсыздар!» - Дулат Исабеков
ашық дереккөзі
Газ бағасының қымбаттауына байланысты Маңғыстау облысында басталған наразылыққа белгілі жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков те үн қосты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Қымбатты жаңаөзендіктер, Маңғыстау мұнайшылары! Сіздердің талаптарыңызды өте орынды деп есептеймін. Газдың үстінде отырып газ қымбаттаса, мұнайға шомылып отырып жанармай қымбаттаса, қамба толы астықтың үстінде отырып нан қымбаттаса, халық наразы болмағанда қайтпек? Барыс жылының басында барысқа тән мінез көрсеткендеріңізді қолдаймын. Тек араларыңызға арандатушылар араласып кетпесін, содан сақ болғайсыздар», - деді қаламгер.
Сондай-ақ ол «еститін Үкіметтің» бұқара талабын естіп, көріп отырғанына, «халық жазушылары» мен «халық артистерінің» сол халықтың жағында болатынына сенім білдірді.
«Әділдікті талап ету жолындағы наразылыққа билік бұл жолы күш көрсете қоймас. Тек арандатушылықтардан сақ болғайсыздар!» - деп қайта ескертті сөз соңында.